Атырауда белгісіз жағдайда мерт болған 7-сынып оқушысы Мерланның өліміне қатысты іс сотқа жетпей жабылды

22.01.2025, 14:48
719
Атырауда белгісіз жағдайда мерт болған 7-сынып оқушысы Мерланның өліміне қатысты іс сотқа жетпей жабылды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Анасы жалғыз ұлының ісі үшін күресіп, желіде резонанс туғызған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласы Ақжар ауылының 7-сынып оқушысы Сана Мерланның өліміне қатысы тергеліп жатқан іс сотқа жетпей жабылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Марқұм белгісіз жағдайда суға батып мерт болған. Алайда анасы жалғыз ұлын жоғары сыныптағы оқушының суға итергеніне сенімді. Айтуынша, мұны сол күні олардың жанында болған Мерланның достары да растапты. Адвокаттар қазір істі тергеушілердің үстінен шағым түсірмек. Істің шала тергеліп, жұмбақ күйде қалған. 

Жалғыз ұлынан айырылған Анаргүл Қасантаева бұған дейін әділдікке жетемін деп әкімдіктің де, полиция департаментінің де табалдырығын тоздырғанын айтады. Алайда сонда да нәтиже болмай ұлының өліміне қатысты іс 11 қаңтарда жабылған. 

“Өткен аптада мені адвокатыммен бірге шақыртты. Барғанымда қолымызға қаулы берді. Іс жабылған екен. 
Жалпы бұған дейін де тергеу кезінде адвокатыммен бір рет қатысқан едім. Сонда ұлымның қасында болған куәгер балалар тергеу кезінде Мерланды жоғары сыныптың баласы итергенін айтып отырды. Ал тергеушілер болса итерген баланы “ол 15 жаста, бәрібір түрмеге отырмайды” деп айтты. 
Бірінші тергеуші маған келе бермеңіз десе, екінші тергеуші жаңағы жоғары сыныптағы ұлдың ата-анасымен телефон арқылы танысы секілді сөйлесті. Ол да баланың сотталмайтынын айтты. 
Бұған дейін бірнеше рет тергеушілерді ауыстыруларын өтіндім. Соңында тіпті олардың тарапынан: “тергеушілер құрып қалды, сізге жаңа тергеуші жоқ” деген дөрекі жауапты естідім”, – деді марұмның анасы.

Анаргүл Қасантаеваның айтуынша, істің жабылуы туралы қаулыда кейбір деректер мүлдем қате жазылған. Бұл күдік тудырып отыр екен.

“Тергеуші бірде біз күдіктеніп отырған баланы шақырып алып, сұрауды жалғастырады. Сол кезде ол баланың айтқандарына: “олай айтпа, былай айттың ғой алдында” деп әр сөздерін түзетіп отырыпты. Кейін менің адвокатым ренжіп, тергеушіге бұл әрекеті үшін шағымданатынын айтыпты.
Бұлар жасырып тұр. Бір қыз туралы да естіп қалдым. Оны жаңағы баламды суға итеріп жіберді деген жоғары сынып оқушысы жақсы көрген. Ол қыз менің баламның досы, құрдасы болыпты. Кейбіреулерден сол қыз үшін өлтіріп тұр дегенді де естідім. Алайда тергеуші бұл жағдайды қозғамаңдар деп айтқызбады. Бұлар дұрыс тергемеген. Ортада ашылмай тұрған бір құпия бар. Одан бөлек күдіктеніп отырған баланың туысқандары полицияда жұмыс істейді екен.
Қаулыда сол күні оқиға орнында болған балалардың жасы қате жазылған. Тергеу шала жүргізілген. Қазір үш адвокат жалдадым. Олар барынша жұмыстанып жатыр”, – деп қосты ол.

Мерланның анасы қазір адвокаттарының тергеушілер үстінен арыз жазып жатқанын алға тартты. 

“Менің қалауым, тергеушілер ауысып, іс дұрыс, әділ қаралса екен. Мынада балалар тек тергеушілердің нұсқаулығымен сөйлеген. Жалғыз ұлымнан айырылып отырған анамын. Бұдан соң әділдікке қалай сенемін?”, – деп қорытты ол.

Stan.kz тілшісі істі тергеген Атырау қаласының полиция департаментінен жағдайға байланысты пікір сұраған. Ведомство істің жабылғанын растаған. 

“Аталған дерекке қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша толық тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесімен М.Сананың абайсызда қаза болуына қатыстылығы анықталған тұлғаның қылмыстық жауаптылық жасына жетпеуіне байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды”, – делінген хабарламада. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады