Ақтөбеде емші келушілерге несие алғызып, 100 млн астам пайда тапқан

22.01.2025, 19:37
904
Ақтөбеде емші келушілерге несие алғызып, 100 млн астам пайда тапқан Stock Photo

Әр адамнан түрлі банктер арқылы 18 миллионға дейін несиелер рәсімдеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде дәстүрлі емес еммен айналысатын әйел 30 шақты келушіге түрлі сылтаумен несие алғызған.

Ақтөбе облысының полиция департаменті емшінің үстінен “Аса ірі көлемде алаяқтық жасау” дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.

Іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші бар. Күдікті оларға сырқат баласын емдетуге, мешіт құрылысына, жаңа массаж кабинетін ашуға қажет деген түрлі сылтаулар айтып, түрлі банктерден 1 миллионнан 18 миллионға теңгеге дейін несиелер рәсімдеткен.

Әйелдің үйіне емделуге келушілер оның айтқанына сеніп, өз аттарына онлайн несиелер рәсімдеген. Ақшаны олар емшінің есепшотына аударған. Күдікті несиелерді өзі төлеуге міндеттенгенімен, кейін уәдесінде тұрмаған.

“Қазіргі уақытта залал көлемі 100 миллион теңгеге жуықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да жәбірленушілердің болуы және күдіктінің ақшаны қандай мақсаттарға жұмсағаны да анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды