«Гипнозбен арбап, несие алдыртты»: Ақтөбеде жүз шақты адам емшіге алданып қалған

23.01.2025, 10:48
620
«Гипнозбен арбап, несие алдыртты»: Ақтөбеде жүз шақты адам емшіге алданып қалған көрнекі фотосурет / Stock Photo

Ақтөбеде халық емшісі шипа іздеп барған адамдарды 23 миллион теңгеге сан соқтырып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, емшінің үстінен “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметі жеткізді.

Полицияның табалдырығын тоздырған жұрт алданғанымызды кеш түсіндік деп отыр. Айтуларынша, бақсы әйел гипноз жасап, дем салған. Соның әсерінен есеңгіреп, телефонды емшінің қолына бере салған. Бақсы әйел керек сомаға несие рәсімдетіп, бар ақшаны санап алған.

Несие алып берші деді. Менің де кредитім бар дедім. Содан маған ем жасады. Сол жерде басым ауырды. Сөйтіп сол үйден кете алмай қалдым. Сондай сиқыр бар екен. Сол үйде қондым. Ертеңінде мені жетектеп банкке алып барды. Қасымда тұрып, несие рәсімдетіп, қолымды қойып, кассаның алдында тұрып ақшаның бәрін санап алды, – дейді алданғандардың бірі Гүлзипаш Төремұратова.

Алаяқ адамдардан ең азы 1 миллион теңге несие алған. Бес баланың анасы Райхан Зарлықова халық емшісі өзін 8 жылдан бері алдап келді деп отыр. Қазір оның мойнында 18 миллион теңге қарызы бар екен. 

Алғашында кішкентай сомадан бастайды. 457 мың теңге болды. Он күннен кейін келсең тағы да гипноз жасайды. Одан кейін ештеңе білмейсің. Мен “апа” деп қарсылық білдіргенде “Құдай тұр, қара, жолың болмайды, жолың жабылып қалады, 5 балаң бар” деп қорқытады, – дейді көпбалалы ана.

Жиналған жұрттың айтуынша, зардап шеккендердің саны жүзге жуық. Елді алдаймын деп басы дауға қалған әйел сыртқа шыққан жоқ. Сөйтіп оқиға орнына қаланың бас полицейі келіп, күдіктіні тергеуге алып кетті. Оның үстінен “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, Ақтөбе қаласының тумасына қатысты үшінші қалалық полиция бөлімінің 16 арызданушының шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы уақытта жәбірленушілердің нақты саны мен шығын көлемі есептеледі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды