Көзі көрмейтін өз анасын ер адам балталап тастады: Сот үкімі шықты
Зағип анасының ұлына салауатты өмір салты туралы әңгімесі ұлының ашуына тиген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Бұқара облысында мас ер адам анасын балталап өлтірді.
Simon телеарнасы хабарланғандай, қайғылы оқиға болған күні Гижидувана қаласының 34 жастағы тұрғыны үйіне алкогольді сусын әкеліп, іше бастаған. Көрші бөлмеде зағип анасы ұлына салауатты өмір салты туралы әңгіме айта бастаған. Бұл ұлының ашуына тиген.
Ер адам қоймадан темір балта алып, анасының бөлмесіне кіріп, мойнына бірнеше рет соққы жасаған. Сот барысында айыпталушы шамадан тыс алкоголь тұтынғандықтан, қалай өлтіргенін білмейтінін жеткізді.
Сот тергеу нәтижесінде жиналған дәлелдемелерді қарап, айыпталушыны кінәлі деп тапты. Ер адам сот шешімімен 18 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.
Материал авторы