697

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды (ВИДЕО)

Олар желіде компроматтарды жариялаймыз деп 8 миллион теңге бопсалаған.

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды (ВИДЕО)
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Материал авторы