«Дәрігер балалы бола аласың деді»: блогер Елдос Колобок сүйінші хабарын жеткізді

Аиса Махамбет Редактор
23.01.2025, 15:23
897
«Дәрігер балалы бола аласың деді»: блогер Елдос Колобок сүйінші хабарын жеткізді жеке мұрағатынан

13 жыл емделдім деген блогер көпшілікке жағымды хабарын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал желі жұлдызы, әзілкеш Елдос Колобок жақсы жаңалығымен көпті қуантты. Ол бұған дейін перзент сүйе алмай жүргенін айтқан еді. 

«Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: «Елдос, балалы бола аласыз» деді. Міне, басты жаңалығым – осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. 

Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа, тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді», – деп жан сырын ақтарды блогер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

«Егіз ұлдарды нәсіп етсін!», «Күзде шілдеханаға барайық», «Құтты болсын, бауырым», «Халық болып тілеп жатырмыз», «Көп тілегі – қабыл, бір сәби бұйырсын», – деп жазды көпшілік. 

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)