«Мұздатқышқа кесілген басын салған»: Ақтөбе жантүршігерлік өлімге қатысты сот отырысы басталды

Аиса Махамбет Редактор
23.01.2025, 16:29
374
«Мұздатқышқа кесілген басын салған»: Ақтөбе жантүршігерлік өлімге қатысты сот отырысы басталды iStock

Ақтөбеде ер адамның бөлшектенген денесіне қатысты сот басталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмның аяқ-қолы қапшыққа салынып, денесі мен басы иіс шықпас үшін тоңазытқыштан табылған. Прокурор айыптау актісінде қанды қылмыстың қалай болғанын баяндады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ауыр қылмыстық оқиғаның алдын ала тыңдалымы басталды. Қылмыстық іс екі баппен қаралады. Екі адам айыпталушы ретінде танылған. 38 жастағы сотталушы Константин Панаскинге қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру), ал 40 жастағы Михаил Лукинге қылмыстық кодекстің 432-бабы (Қылмысты жасыру) аясында айып тағылады.

Қанды оқиға 25 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болды. Үш ер адам ішімдік ішіп отырып араздасып қалып, жанжалдың соңы қанды қылмыспен аяқталған.

Іс материалдарына сенсек, 2024 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 23:00 шамасында Панаскин өзінің танысы Михаил Лукин тұратын көпқабатты үйге келген. Бірге ішімдік ішпек болады. Сол кезде Панаскин Лукиннің пәтерінде ортақ танысы 1982 жылы туған Денис Кузменконы кезіктірген. Ол кезде Д.Кузменко Лукинмен бірге ішімдік ішіп отырған еді. Панаскин олардың қатарына қосылды. Бірде олар оттықты таба алмай, жанжалдасып қалған.

“2024 жылы 26 кыркүйекте сағат түнгі 01:30-да ішімдік ішіп, Кузменко мен Панаскин арасында жанжал болған. Олар оттықтың кім алғанын білмей, сөзге келіп қалған. Кузменко мұны Панаскиннен көрген. Бұрын істі болған Панаскин бұл сөзді көтере алмай, Кузменконы жұдырықпен ұрады. Асүй үстелінен пышақ алып, Кузменконың ішіне сұғып алған. Ал Кузменко пышақ алғанын аңғармай қалып, қарсылық көрсете алмайды. Ол оқиға орнында қаза тапты. Кейін Лукин Кузменконың қимылсыз қалғанын көреді. Дегенмен Лукин де, Панаскин де алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Жедел жәрдем шақырмай, полицияға хабар бермеген. Олар пәтерден шығып кетеді. Кейін 27 қыркүйек күні сағат 03:00-де Лукиннің анасына тиесілі пәтерге қайта келген”, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Олар Кузменконың өлімінің жасырмақ болып, оның денесін бөлшектеп, оны әртүрлі жерге лақтыруды жоспарлайды. Лукин қылмысты жасыру үшін ас бөлмеде жатқан денені ваннаға апарып, мәйітті ас үй пышағымен, алдымен аяқ жағын, кейін денесін бөлшектеген.

“Кейін адам денесінің аяғы мен қолын сөмкеге салып, Хромтау қаласындағы карьер аумағына апарып тастайды. Содан соң үйіне қайта келіп, Кузменконың денесінің қалған бөлігін бөлшектеп, пакетке салып, иіс шықпас үшін тоңазытқышқа салып қойған. Бұдан кейін Лукин ваннаның ішін химиялық қоспалармен тазалап, суын ағызып жіберген. Сөйтіп пәтерден кетіп қалған”, – деді прокурор айыптау актісінде.

Лукиннің анасы да сотқа қатысты. Кейуана БАҚ өкілдеріне баласынан қорқатынын айтты.

“Балам алғашында жақсы болды. Баламды қорғап, қолпаштап жүрдім. Ол менен үнемі ақша талап етті. Мен ол пәтерде не болғанын білмеймін. Ол түрмеден келіп, маған ұйқы бермеді. Мені де қорлады, саусағымды кесіп тастады. Дәрігерлер тігіп берді. Мен өз кезегімде оны тағы жасырдым, оны құтқардым. Оқиға менің пәтерімде болды. Қазір жабық тұр. Ол жерде тұрмаймын. Тоңазытқышта дене бар екенін білмедім. Ол пәтерге полициямен бардым. Тоңазытқыш дәлізде болды. Ашты да тез жапты. Бірдеңе дұрыс емес деп ойладым. Тергеуші "әже, сізге қарауға болмайды" деп айтты. Олар қонақ бөлмеге кіргенде, тоңазытқышты аштым. Құлап қала жаздадым. Ол жерде адамның бөлшектелген денесі жатты. Басын көрмедім”, – деді сотталушының анасы Любовь Лукина.

Любовь Лукина мұздатқышта адамның басы барын білмеген. Қария әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып жүргенін айтты.

Руслан Берденовті атты деген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі ресми мәлімдеме жасады Меркіде қария 13 жастағы немересін зорлаған «Біреуін мүгедек еткен»: Қарағандылық отбасы 6 бала асырап алып, оларды тоқтаусыз қорлап келген (ВИДЕО) Келіншек рұқсатсыз кәмпит жеген 8 жасар баласының саусақтарын өртеп жіберген Алаяқ тұрғындардың телефонын хабарласуға сұрап алып, бірнеше микрозайм рәсімдеген Wildberries маркетплейсінде сатылатын кремдерден «рак» тудыратын заттар табылды Ақмола облысында бәрбіреулер зиратты мазаққа айналдырып, анайы суреттер салып кеткен Макрон: АҚШ өз ызасын тек Путинге бағыттауы керек Жанар Айжанова қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ФОТО) Ер адам шулаған жастарды тыныштандырамын деп әйел адамды атып өлтірді Жасанды интеллект өкпе обырын дәрігерлерден төрт ай бұрын анықтап алды 14 жылдық үнсіз азап: Түркістанда мүгедек жігітті әкесінің бауырлары зорлап келген «Қатерлі ісік»: Қазақстандағы түрмелерді қарайтын Серік Голова қайтыс болды «Мұрат соттан қашып ішіп кетті, ал әйелі алаяқ»: заңгер Мұрат Әбділда мен оның әйелі туралы шындықты айтты Ауруханадағы комедия: 62 жастағы ер адамның жамбасынан күлімдеген бет шықты «Тырнақ астына, табанға ине тығады»: ата-аналар Шымкент түрмесіндегілерді азаптап жатқанын жеткізді (ВИДЕО) «Уайымдама, тез келемін…»: 16 жастағы мектеп оқушысы ешкімге айтпай саунаға кетіп, қаза болды Түркияда жер сілкінісінен кейін Өзбекстан азаматы стресстен көз жұмды «Ресей үшін соғысуға адам тартқан»: Қырғызстандағы «Русский дом» қызметкері қамауға алынды Шымкенттік оқушы әлемнің үздік 50 университетінен шақырту алды