810

Алматыдағы әуежайда түкірген қытайлыққа айыппұл салынып, рейстен шығарылды

Ол Шымкентке бағыт алған ұшаққа отыруы керек болған.

Алматыдағы әуежайда түкірген қытайлыққа айыппұл салынып, рейстен шығарылды
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әуежай ішінде түкірген Қытай азаматына айыппұл салынды.

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі Алматы-Шымкент бағыты бойынша ұшпақ болған жолаушыны ұстады. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы Қытай азаматы отырғызу кезінде әуежай ішінде түкіріп, қоғамдық орынды ластаған.

Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол рейстен шығарылды.

Көліктегі полиция басқармасы жыл басынан бері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 5249 құқық бұзушы, оның ішінде 499-ы қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Материал авторы