1089

«Күйеуіңді бала сияқты алда»: Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге ақылын айтты

Гүлзира Айдарбекова Дубайдағы күйеуімен демалысын көрсетті.

«Күйеуіңді бала сияқты алда»: Гүлзира Айдарбекова қыз-келіншектерге ақылын айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі Гүлзира Айдарбекова жолдасы Нұртаспен бірге Дубайда демалып жатыр. Оқырмандары қызығып, түрлі пікір жазып, кеңес сұрады. 

“Жастыққа басымыз тиіп, 70 жасқа жеткен жоқпыз. 50 жастың үсті – орта жас. Алла өмір берсе, қартаюға біраз уақыт бар. Онсыз да бір-бірімізден апта сайын демаламыз. Менен шаршай қоймайды-ау. Жолдасыңыз ұйықтай берсін. Өзіңіз демала беріңіз. Онсыз да үйде біргесіздер. Ашумен ештеңе ретке келмейді. Оларды тек бала сияқты алдау керек. Мынаны жасап көруге болады: 500 рет тор көз дәптерге “Мен күйеуіммен демалып жүрмін. Бақыттымын. Ақшам көп деп” жаза беру керек. Күніне 20-30 рет жазу керек. Нәтижесін көп ұзамай көресіз, – деп жазды продюсер. 

Сондай-ақ “Немерелеріңмен бірге қыдырмадыңдар ма?!” деген оқырман тарапынан келген сұраққа да жауап берді. 

“Былтыр Заңғар екеуміз балалардың бәрін Түркияға апарғанбыз. Кішкентай екеуі ғана қалды. Одан кейін өздері-ақ Катар мен Америка, Кореяға барып келді. Енді сабақтарын оқысын”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор