15 жастағы жасөспірімнің некесін қиған қызылордалық имам жазаланды

Аиса Махамбет Редактор
23.01.2025, 19:40
852
15 жастағы жасөспірімнің некесін қиған қызылордалық имам жазаланды бейнежазбадан алынған кадр

Жасөпірімнің 21 жастағы жігітпен некесін қиып берген имамға қатаң сөгіс берілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында 15 жастағы оқушы мен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Қызылорда облысы Шиелі ауданының имамы 21 жастағы тұрғын мен 15 жастағы қыздың некесін қиды. Жасөспірімді жүкті еткені үшін ауыл тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қызылорда облысының бас діни қызметкері Дастан Құрманбаев осы жайттан соң имамдар арасында жиын өткенін айтты.

Өткен жылы Шиелі аудандық полициясының хабарламасынан кейін ауыл дін қызметкері тәртіптік кеңеске шақырылған.

"Жас жұбайдың" неке қию туралы куәлігі болған жоқ, онсыз неке қиюға тыйым салынады. Осыған қарамастан имам оқушы қыздың анасының өтінішін орындаған. Яғни "қыз жүкті болғандықтан, екі жақтың ата-анасы некеге тұруға келісімін бергендіктен" рәсім жасауды өтініпті.

"Алайда мұны ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі", – деді Құрманбаев.

Осыдан кейін облыстағы барлық имамның жалпы жиналысы өтті. Онда діни қызметкерлерге неке куәлігін көрсетпей, неке қиюға болмайтыны тағы бір мәрте ескертілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды