Баласы темекі тартқаны үшін әке-шешесі 60 мың теңге айыппұл төлеген
Оқиға Павлодар облысындағы Ақсу қаласында болған. Бала мектеп дәретханасында темекі шеккен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, темекі шеккен павлодарлық баланың ата-анасы жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Оқиға Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде болды. Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, мектептен полицияға 14 жастағы оқушының дәретханада темекі шеккені туралы ақпарат түскен.
Учаскелік инспектор анықтағандай, оқушы мектеп аумағында темекі өнімін пайдаланған. Заңды өкілі мектепке шақыртылып, ата-анасына әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, оқушыға құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Материал авторы