Шымкенттік әйел әпкесінің 6 жасар қызын жылап оянғаны үшін өлтіріп тастады

24.01.2025, 13:31
751
Шымкенттік әйел әпкесінің 6 жасар қызын жылап оянғаны үшін өлтіріп тастады Getty Images / yamasan

Сот үкімі шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 6 жасар қыздың аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, артынан су толы ваннаға тұншықтырып өлтірген.

Жантүршігерлік оқиға Шымкентте 2024 жылы болған. Әйелдің қатты соққысынан балақай есінен танып құлаған. Соңында ол туған әпкесінің баласын су толтырылған ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтірген.

Айыпталушы сотта қасақана жасаған әрекетін мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған.

Прокурор Қ.-ға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады, – делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.

Сот қылмыскер әйелдің жеңілдік сұраған өтінішін қабылдаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды