Соққыға жығып, аялдамаға тастап кеткен: Семейде көз жұмған 15 жастағы жасөсірімнің анасы әділ тергеу сұрайды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
24.01.2025, 16:50
853
Соққыға жығып, аялдамаға тастап кеткен: Семейде көз жұмған 15 жастағы жасөсірімнің анасы әділ тергеу сұрайды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Марқұмның ата-анасы күдіктілердің барлығы қамалмай, бостандықта тайраңдап жүргенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде ауыр соққыдан қайтыс болған 15 жастағы студенттің туыстары тергеудің әділ жүргізіліп жатқанына күмәнмен қарайды. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жеткізді. 

Марқұм жасөсірім Мейрамбек Қанаттың ата-анасы күдіктілердің барлығы қамалмай, бостандықта тайраңдап жүргенін айтып, шағымданды.

Мейрамбектің анасы Әсем Байғамитованың айтуынша, қайғылы оқиға 2024 жылдың 5 қазан күні болған. Әйелдің айтуынша, кешке қарай көшеге шығып кеткен 15 жастағы ұлын үш жігіт соққыға жығып, аялдамаға тастап кеткен. Ауыр жарақат алған Мейрамбек Қанат оқиға орнында көз жұмған.

"Сағат 11-12-ге таман есікті қағады біреу. Есік қаққан кезде қызыма айтамын есікті ашшы, Мейрамбек келді ма деп. Сосын мама сізді біреу шақырады дейді. Есікті ашсам көрші бала Амир деген өзімен бірге жүретін балалар ғой деймін бәрі достар. Мейрамбек осылай аялдама құлап қалды, жедел жәрдем қасында тұр деді”, – дейді марқұмның анасы Әсем Байғамитова.

Аялдамаға алып-ұшып жеткенімен бәрі кеш еді. Жоламан ықшамауданында болған қайғылы оқиғадан кейін денсаулыққа абайсызда зиян келтіру дерегімен іс қозғалып, бір күдікті қамауға алынған. Бірақ марқұмның туыстары бапты ауыстырып, кінәлілердің барлығы жазалансын деп отыр.

"Мен әділ жаза беруін сұраймын. Үшеуі де әділ жазасын алса деймін. Ұрған үш бала да. 106-107 бапты беріп отыр абайсызда деп бұл баппен келіспеймін. Өйткені менің ұлымды көкала қойдай ұрып-соғып, аялдамаға тастап кеткен. 99-бапты сұраймын. Әділ шешім болуын талап етемін”, –  дейді марқұмның анасы.

Мейрамбек Қанат тоғызыншы сыныпты бітіріп, Семей көпсалалы колледжінің дене шынықтыру мамандығы бойынша оқуға түскен екен. Үйдің тұңғышы өте сабырлы, ешкіммен қақ-соғы болмаған еді дейді туыстары.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды