«Қаралы хабарды концертімде естідім»: Сәкен Майғазиев марқұм ағасының қазасын естігенде сахнада болған

Аиса Махамбет Редактор
24.01.2025, 18:49
18898
«Қаралы хабарды концертімде естідім»: Сәкен Майғазиев марқұм ағасының қазасын естігенде сахнада болған жеке мұрағатынан

Жылап-сықтап болған соң үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ) өзінің дегенін жасай бастады дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі ағасының қазасын әнсапарда жүргенде естісе де, халық алдына өнер көрсетуге шыға берген. 

“Атам мен әжемді де, Майғазы атамнан тараған төрт ұлдың да көзін көрдім. Марқұм Қордабай әкемнің Қорғанбай, Тельман, Бегман атты інілері де бақилық болғалы біраз жыл өтті.

Бірнеше жыл бұрын әкеміздің туған інісі Тельман ағамның дендеген дертін емдеуге Алматыға алдырдық. Шама-шарқымызға қарай шапқыладық. Мен ән сапарда жүргенімде туған інім Тәкен арқасына салып жүріп ауруханадан ауруханаға тасыды. Дәрігерлер де барын салды. Уақыт өте ем-домын елде жалғастыратын болып ауылға аттанды. Бірақ беті бері бұрылмады. Оңалып қалар деген ой да жоқ емес”, – деп бастады әңгімесін эстрада жұлдызы. 

Әншінің сөзінше, ағасын қанша уайымдаса да, гастролдік сапардан бас тарта алмаған көрінеді. 

“МузАРТ” тобымен 20 күндік әнсапарға кеттік. Ағамның ахуалын сұрап ауылға күнде хабарласам. Көкшетауға келгенде Тельман ағамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Ауылға кетуім керек деп шештім. Анама хабарласқанымда: “Балам, ақ қар, көк мұз, жол тайғақта Көкшетаудан Астанаға көлікпен, Астанадан Шымкентке ұшақпен, Шымқаладан Созаққа, сосын Тастыға тартпақсың...

Мені уайымнан өлсін демесең әнсапарыңды жалғастыр, жеңешең де жөні сол деп отыр. Тірісінде табанын жерге тигізбедіңдер, разымыз. Халықтан үлкен емессің, концертіңді жалғастыра бер, батамызды береміз” деді.

Жылап-сықтап болған соң үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ) өзінің дегенін жасай бастады. Кешкі концертте нар көтере алмайтын жүкті көтеріп тұрғанымды бірде-бір көрерменге көрсетпедім. “Өнер жолы – ауыр жол” екенін сол сәтте түсіндім”, – деп жазды әнші. 

Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады