«Педофил» деп айыпталған блогер Жұмабаев әйелі кішкентай қыздардан қызғанғанын айтып ақталды

Аиса Махамбет Редактор
25.01.2025, 10:31
1404
«Педофил» деп айыпталған блогер Жұмабаев әйелі кішкентай қыздардан қызғанғанын айтып ақталды бейнежазбадан алынған кадр

Блогер: «Қазақта айтады «Қойныңдағы қатыныңа сенбе» деп».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген ақпарат тараған еді. Блогер осы оқиғадан кейін реанимацияға түсіп қалғанын айтты. Бұл туралы Руслан Өтепбай YouTube-арнасында айтып берді. 

Қолғанат Жұмабаевтың жасөспірім қыздарға жазғанын әйелі Құлпынай Қанат хабарлады. Сондай-ақ ол ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады. Блогер осы оқиғадан кейін өз баласы мен қыздардың болашағы үшін алаңдап, реанимациядан бір-ақ шыққанын мәлімдеді. 

Сонымен бірге ол жары Құлпынай Қанатпен қалай танысқанын айтып берді.

«Алматы қаласында 2 жыл медреседе оқыдық. Сол жерде Instagram желісі арқылы таныстық. Сол кезде қатты ұнап қалған еді. Өмірде үш-ақ рет кездестік. Бір жағы Құран жаттап, медресе тәмамдап келе жатырмын, екінші жағынан үйге қуаныш болсын, келін алып келейін деп танысқан едім.

Ол кезде жасым 25-те еді. Ал Құлпынай 20 жасқа енді толған. Ол алғаш танысқан кезде 17 жаста болдым деп айтты. Алғаш Instagram арқылы таныстық, ол кезде расымен 17-де болды. 20 жасында кездесіп, ата-анамыз танысып, заңды түрде үйлендік. Әзірге әйеліммен ажырасуға ниетім жоқ. Бәрінің анық-қанығын ашуым керек», – дейді блогер. 

Блогер Қолғанат Жұмабаев болашақта видеоны тек қыздардың ата-анасының рұқсатымен түсіретінін айтты. 

«Негізгі жағдай несиеден басталды. Екеумізде де бар, ортақ мүддеге алғанбыз. Егер ажырассақ ол қарызды бөлек төлейміз. Қазақта айтады ғой, «Қойныңдағы қатыныңа сенбе, астыңдағы атыңа сенбе» деп. Ол маған жала жауып отыр. Мен оның үстінен полицияға арыз жазған да жоқпын. 

Осы шулы жағдайдан кейін видео-контент түсірмей кеттім. Болашақта тек қыздардың ата-анасының рұқсатымен ғана түсіремін. Ал әйелімнің бұлай шу шығаруы жеке қызғаныштан болды деп ойлаймын. Ол мені кішкентай қыздардан қызғанды», – дейді блогер. 

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен