2320

Күйеуі мен енесінен таяқ жеген жас келін ауруханада көз жұмды

Медициналық көмекке қарамастан бақиға аттанды.

Күйеуі мен енесінен таяқ жеген жас келін ауруханада көз жұмды
Getty Images / shironosov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Аққорған ауданында күйеуі мен енесі ұрып-соққан 23 жастағы жас әйел қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Nemolchi.Uz қорының хабарлауынша, жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түскен. Кейіннен оның күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға алынған.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, әйел ауруханада медициналық көмекке қарамастан көз жұмды.

«Жәбірленушінің күйеуіне қатысты қозғалған қылмыстық іс Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабы 1-бөлігі 8-тармағының «г» пункті бойынша қайта сараланды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Өзбекстан қоғамында үлкен резонанс туғызды. Құқық қорғау органдарының тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор