Алтынсарин академиясы Google мен Microsoft компанияларымен келісімге келмек

25.01.2025, 14:58
993
Алтынсарин академиясы Google мен Microsoft компанияларымен келісімге келмек Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жасанды интеллект саласында ынтымақтастықты жоспарланып отырған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Big Tech екі жетекші компаниясы Google for Education және Microsoft-пен меморандумға қол қойды.

Серіктестік білім сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, Google for Education-пен педагогтер жұмысын оңтайландыру, қазақстандық оқушылардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру үшін озық құралдарды пайдалану жоспарлануда. Ал Microsoft-пен ынтымақтастық бұлтты технологияларды әзірлеу мен енгізуді, сонымен қатар мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді.

«Ірі технологиялық компаниялар кеңселерімен меморандумға отыру білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудағы маңызды қадам болып табылады. Осы әріптестік аясында білім беру саласында жасанды интеллектіні этикалық және жауапкершілікпен пайдалануға баса мән беріледі, бұл – қазіргі заманауи технологияларды оқу процесіне интеграциялауда жоғары мәнге ие», — деп атап өтті Алтынсарин академиясының вице-президенті Азамат Жұмахмет.

Естеріңізге салар болсақ, өткен жылдың қаңтарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев компания өкілдерімен кездесіп, тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын. Ал одан бір жыл бұрын Алтынсарин академиясы Солтүстік Қазақстан облысында шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту бойынша Microsoft компаниясымен бірлескен жобаны іске асырған еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды