«Қазақтар ұрысып, алдыңды қияды»: шетелде демалып жатқан Бүркіт қазақтарға ренішін айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.01.2025, 18:35
831
«Қазақтар ұрысып, алдыңды қияды»: шетелде демалып жатқан Бүркіт қазақтарға ренішін айтты жеке мұрағатынан

Ол бір-бірін сыйламайтын отандастарын сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балиде (Индонезия) отбасымен демалып жатқан Бүркіт ондағы тәртіп туралы сөз қозғады.

Әнші Instagram-дағы парақшасында екі елдегі көлік жүргізушілерінің жолда жүру мәдениетін салыстырды.

"Бали халқының саны шамамен 4 млн. Мына көшенің қиылысында қаншама көлік, мопед. Бағдаршам жоқ. Қалай өтіп жатыр?! Сабырлықпен, тыныштықпен өтіп жатыр, күліп өтеді. Осындай қиылыстар болса бізде баяғыда қырылысып, кептелістің көкесі болар еді. Біздің көлік жүргізушілері, үйренейікші, бір-бірімізді сыйлайықшы", - деді Бүркіт.

Ол қазақстандық көлік жүргізушілерін бір-біріне сыйластық танытуға шақырды. 

"Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол әдебі деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып, жығып, өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келетіндер қаншама… Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұятты дүниелер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау!", - деп жазды ол.

Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды