Қызылордалық тұрғын күйіп қалған әйеліне өз терісін кесіп берген

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2025, 11:33
523
Қызылордалық тұрғын күйіп қалған әйеліне өз терісін кесіп берген жеке мұрағатынан

Марат Мантаев өз әйелінің өмірін аман сақтап қалуға көмектескен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында күйеуі отқа күйген әйеліне денедегі терісінен кесіп берген. Бұл туралы Kazinform жазды.

Қызылорда облысында күйеуі отқа күйіп қалған әйеліне денедегі терісінен беріп, оны өлім ауызынан аман алып қалды.

Оқиға 1989 жылы Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе елді мекенінде болған. Сол уақытта 20 жастағы Қаламқас Мантаева байқаусызда жанып жатқан отқа күйіп қалады. Дәрігерлер күйеуіне әйелінің денесінің жартысына жуығы жарақат алғанын жеткізеді. Күйіктің орнын кетіру үшін басқа адамның денесінің терісі қажет екенін айтады.

- Бұл сәтте еш ойланбастан әйеліме көмек қолын созуға шешім қабылдадым. Әйелім оқыс оқиға болған уақытта үстіне синтетика көйлек киіп алған екен. Көйлектің шетіне от тиіп, ол лаулап жанбай денесінің әр жерін жарақаттаған. Денеге жабысып қалған.

Дәрігерлердің салғырттығынан көйлекті алмастан үстінен дәріне жаға берген. Салдарынан әйелімнің жарақаты одан сайын асқынып, терісіне қатты зақым келді. Ауруханада тоғыз ай емделді. Соның алты айында төсекте жатты. Қиын сәтте қасынан ұзаған жоқпын. Қажет болғаннан кейін екі аяғымнан тері бердім. Сол арқылы әйелімнің денесінің күйіп қалған жерлері қайтадан қалпына келе бастады.

Он-он бес күнде терісі жазылды. Одан бұрын екеуіміз бірнеше жыл бойы балалы бола алмай жүрген едік. Тілегіміз қабыл болып, одан кейін екі ұл, үш қыз дүниеге келді. Осылайша қазір ұрпағымыз көбейіп, солардың қызығын көріп отырған жайымыз бар. Кейіннен әйелімді емдеген аурухана дәрігерлеріне тағы бәр мәрте қаралған едік. Олар біздің біздің балалы болғанымызға таңғалды, - деді Марат Мантаев.

Қазір Марат Мантаев ауылда кәсіпкерлікпен айналысады. Өз қаржысына ауылдан спорт кешенін салып берді. Оған қоса жергілікті тұрғындардың балаларына арналған балабақша ашты. Балабақшаға әйелі басшылық жасайды. Балалары қоғамның түрлі саласында мамандықтарына сай қызмет атқарып келеді.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді