1130

«Кешірдім»: әзілкештің бұрынғы әйелі қайта қосылу туралы айтты

Бұған дейін әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген сұхбат кезінде әйелінен кешірім сұрап, оған хабарласқан еді.

«Кешірдім»: әзілкештің бұрынғы әйелі қайта қосылу туралы айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын мәлімдеді. 

Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім. Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін.

Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз! Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде 1 жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық пабликке шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады,- деп жазды Фариза Алмазқызы.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор