747

Оқушылар мен студенттерден ақша бопсалаған екі қыз ұсталды

Олар бір студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Оқушылар мен студенттерден ақша бопсалаған екі қыз ұсталды
Polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес күдікті қыздар өткен жылдың қазан айында  колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденген. Сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Материал авторы