Алматыда 147 заңсыз қару сақтау фактісі анықталды

04.03.2023, 21:42
590
Алматыда 147 заңсыз қару сақтау фактісі анықталды

Алматы полицейлері 147 заңсыз қару сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, мегаполисте республикалық «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.

«Заңсыз сақталған қаруды анықтау үшін 38 топ құрылды. Жедел-алдын алу шарасы барысында барлығы 147 азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, есепке алу және қайта тіркеу шарттарын бұзу деректері анықталып, нәтижесінде 145 жеке меншік иесі және 2 заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін 89 бірлік тіркелген қару тәркіленді», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 8 тіркелмеген қару, 1 бірлік жарылғыш зат, 549 мылтық, 6 тегіс ұңғылы қару, 10 травматикалық қарудың патроны, 5 дана суық қару, 2 жарықты-шулы граната тәркіленді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес тіркелмеген тегіс ұңғылы, газ-травматикалық және газды қаруды заңсыз сақтау бойынша барлығы 11 қылмыстық іс тіркелді», - деді спикер.

Сондай-ақ полиция өкілі пневматикалық қарулар мен электрошокерлерді сататын жерлер де тексерілгенін мәлімдеді.

«Базарлардағы сауда орындарын тексердік. «Ялян» базарында пневматикалық мылтық пен электрошокерлерді сататын жеке кәсіпкерлер анықталды.Олар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді, нәтижесінде шаралар қабылданып, құқықтық баға берілетін болады», - деді Рахим Толокулов.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды