6-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың ісі бойынша жаңа мәлімет анықталды

05.03.2023, 09:25
627
6-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың ісі бойынша жаңа мәлімет анықталды

Түркістан облысында 17 жасар қыздың қонақ үйдің 6-қабатынан құлауына қатысты іс «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабынан «Кісі өлтіруге оқталу» бабына ауыстырылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 23 ақпан күні болған. Түркістан қаласы полиция басқармасының «102» пультіне қонақ үйлердің бірінің 6-қабатынан жас қыз секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Алматы қаласында тұратын қыз оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген. Кейін оның 2005 жылы туған кәмелет жасына толмаған жасөспірім екені анықталды.

«Жауап алуға жеткізілген ер жігіттің айтуынша,»жеңіл жүрісті» жас қыз онымен әлеуметтік желі арқылы танысып, алдын ала келісім бойынша есепшотқа ақша аудартып, қонақ үйге өз еркімен келген. Алайда, қонақүй ішіндегі бөлмеде олардың арасында өзара түсініспеушілік туындап, қыз аударылған ақшаны қайтарудан бас тартқан.

Ақшаны қайтару мақсатында жігіт аталған қызбен сөйлесу үшін қонақ үйге таныс қызын шақырып, өзі кетіп қалған. Бұл бейнекамерадағы жазбалар арқылы расталды.

Жауап алу кезінде жас қыздардың айтуынша, жәбірленуші ұялы телефонмен сөйлесу үшін қонақ үйдің балконына шығып, өзі секіріп кеткен.

Ал жәбірленуші өз жауабында жанжалдың болғанын растап, оны сөйлескен қыздардың бірі итеріп жібергенін айтты», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған оқиға бойынша анықталған жаңа мәліметтерді тексеру үшін қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105-бабынан 24-99-бабына («Кісі өлтіруге оқталу») ауыстырылды.

«Тергеу барысы облыс прокурорының және полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында болады.

Полиция департаменті барша азаматтарды тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырады», - делінген Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды