Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруын «харам» деді

27.01.2025, 16:22
761
Мүфтият тұрмысқа шыққан қыздың тегін ауыстыруын «харам» деді halyq-uni.kz

ҚМДБ тағы бір пәтуа шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі әйелдің күйеуінің тегін алуына қатысты пәтуа шығарды.

Мүфтият шариғат бойынша әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс екендігін алға тартты.

Алла Тағала Құранда: «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол», – деп бұйырды, - деп еске салды ҚМБД.

Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салса, кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса, оқасы жоқ дегенді айтады. Мүфтият осы жайтқа қатысты түсіндірме берген. Басқарма дерегінше, күйеуі әйелін өз тегін алуға мәжбүрлей алмайды.

Өйткені Құранда: «Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі» деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр. Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Мәсғудұлының әйелі Зейнеп (Алла оған разы болсын) Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп (кіруге) рұқсат сұрайды. «Уа Алланың Елшісі! Зейнеп кіруге рұқсат сұрап тұр!» – дегенде, ол: «Қайсы Зейнеп?», – деп сұрайды. «Мәсғудұлының әйелі», – деп жауап береді. Ол: «Кірсін» дейді. Сонда оған кіруге рұқсат береді».

Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес, - делінген пәтуада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды