Әскерге барамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралмақ

28.01.2025, 10:26
757
Әскерге барамын деп мүгедек болған Ербаян Мұхтар елге оралмақ

22 жастағы Ербаян әскерден сүйек-ми жарақатымен оралған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әскерде жүріп басынан ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Стамбұлда емінің алғашқы кезеңін аяқтап, Астанаға қайтатын болды. Бұл туралы белгілі құқық қорғаушы Инга Иманбай мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Ербаян енді 2-3 ай елде болып, ағзасын толық қалпына келтіргеннен кейін көктемде Түркияға қайта оралып, емінің екінші кезеңін бастамақ. Ол Астанада нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің бақылауында болады деп күтіліп отыр. Бір айдан кейін дәрігер өзі Қазақстанға келіп, Ербаянның жағдайын тексеретін болады. 

Ербаянның Стамбұлдағы емін ұйымдастырып, барынша қолдау көрсеткен Динара мен Реджеп есімді азаматтарға да алғыс айтылған. Сонымен қатар, оның ата-анасы емнің алғашқы кезеңіне кеткен қаражат бойынша жақын арада есеп бермек.

22 жастағы Ербаян отбасында төрт балалы отбасының тұңғышы. Әскерге өз еркімен барып, бірнеше айдан кейін Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде бас сүйек-ми жарақатын алғаны мәлім болды. Оқиғадан кейін ол комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерилер оның жарақатын дәретханадағы құлау оқиғасымен байланыстырса, туыстары бұл нұсқамен келіспейтінін айтқан.

2023 жылдың қыркүйек айында Ербаянды Стамбұлдағы «Медикал Парк» емханасына апарып, емдеу жұмыстары басталды. Алдағы кезеңдерде оның сауығуына ұзақ уақыт пен табандылық қажет екені айтылып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды