Жазушы Марианна Уильямсон АҚШ-тағы президенттік сайлауға түспек

05.03.2023, 12:29
677
Жазушы Марианна Уильямсон АҚШ-тағы президенттік сайлауға түспек

Америкалық жазушы Марианна Уильямсон сенбі күні 2024 жылы болатын АҚШ президентін сайлауға үміткер болатынын ресми мәлімдеді. Бірнеше бестселлер авторы 2020 жылғы сәтсіз науқаннан кейін екінші рет бақ сынап көрмекші, деп хабарлайды smartnews.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Қайта сайлануға ниетті екенін айтып қойған, бірақ әлі ресми мәлімдеме жасамаған қазіргі президент Джо Байденге қарсы Демократтар партиясынан Уильямсон үміткер болады.

«Мен бұған дейін де президент сайлауында дауысқа түскенмін», - деп мәлімдеді Уильямсон жақтастарына Вашингтондағы науқанын бастаған кезде.

Уильямсон шамамен 20 минут сөйледі, үміткер экономикалық және әлеуметтік әділетсіздікке, сондай-ақ Вашингтондағы жемқорлыққа басымдық берді.

Демократиялық партия атынан үміткер өзінің бұған дейінгі науқанында әлеуметтік қорғау бағдарламаларын кеңейтіп, құлдардың ұрпақтарына тигізген зиян үшін өтемақы төлеу керек екенін мәлімдеген.

Сонымен қатар Республикалық партия мүшелері де Байденмен күресу мүмкіндігіне кезекке тұрып жатыр. Негізгі қарсылас – экс-президент Дональд Трамп.

Оңтүстік Каролинаның бұрынғы губернаторы және БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейли, биотехнология және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін кәсіпкер Вивек Рамасвами АҚШ президентіне үміткер ретінде тіркелу жоспары бар екенін мәлімдеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды