«Енді мал да жемейді мынаны»: картоптары шекарада шіріген кәсіпкерлер шенеуніктерді сотқа бермек (ВИДЕО)

30.01.2025, 16:31
869
«Енді мал да жемейді мынаны»: картоптары шекарада шіріген кәсіпкерлер шенеуніктерді сотқа бермек (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Өзбекстанмен шекарада 43 вагон картоп шіріп кетті. Оларды шенеуліктер тексереміз деп экспортқа жібермей қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Өзбекстанмен шекарасында мыңдаған тонна картоп шіріп жатыр. Себебі, Павлодардан Ташкентке жеткізілуге тиіс картопты ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері тексереміз деп, Сарыағаш шекарасында тоқтатқан. Сөйтіп он күн бойы шенеуніктер құжат тексеріп жүргенде, 43 вагонға артылған картоп бұзыла бастапты. Бұл туралы КТК жаңалықтар қызметі жеткізді. 

Картоп тиеген вагондар Сарығаштың темір жолында тапжылмай он күн тұр. Павлодардан шыққан жүк пойызын фито-санитарлар 19 қаңтар күні тоқтатып, жүктің құжаты мен өнімді тексереміз деген. Бірақ сол күйі ешқайсысы төбе көрсетпеді деген кәсіпкерлер артылған картоптың күйін көру үшін вагонды ашып көрді.

— Картоптың суы шығып, іріп-шіріп жатыр. Бұл қайта суы қатып тұр, жылыға шықса бірден шіриді. Бұл енді жарамсыз картоп. Бір вагонның өзінде 68 тонна бар, сол 68 тонна вартоп енді жарамсыз, – дейді кәсіпкер Азамат Серікбаев. 

Он күннен бері жауаптылардан хабар күтіп жүргендер енді бұл шіріген тауарды тапсырыс берушілерге «не бетімізбен апарамыз» деп күйінеді. Үсіп, былжырап кеткен картопты кейбірі лақтырып та жатыр.

Жалпы 43 вагон картопқа кәсіпкерлер құжатты 15 қаңтарға дейін жасатқан. Ал бұл өнімді елден тыс шығаруға болмайды деген қаулыны ауыл шаруашылығы министрлігі 18 қаңтардан бастап шығарған. Сондықтан тез бұзылатын өнімді шекарада негізсіз ұстап тұрғандар картобымызды жарты бағасына сатуды талап етті дейді. 

 — Әкімдік бізге жарты бағасына сұрап тұр. 100-150 теңгеден сұрайды. Келісін 300-ден алғанбыз. Келем дегенше, ірі картоп 370 теңгеден келген, осы жерге дейінгі шығыны. Олар 150 теңгеден сұрайды. п тұр. Білмейміз, енді не істейтінімізді. Шығынның бәрі мойнымызда. Қазір үш вагоннан 60 миллион шығын шығып тұр. Ол оңай ақша емес қой, – дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Орманов.

Ал вагондарды тұралатып қойған құзырлы министрлік осы уақытқа дейін «құжаттарды тексердік» дейді. Бірақ түйткіл болмаған соң, енді 43 вагон діттеген жеріне жүре берсе болады деп отыр. 

 — Бүгінгі күні менің ақпаратым бойынша тексеру жұмыстары бітті. Қажетті ақпараттар анықталды. Сондықтан бүгінгі күнге вагондардың сыртқа кетуіне ешқандай тосқауыл жоқ. Сондықтан экспортқа бағытталған 43 вагон картоп артылған шекарадан шығып кете береді, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков. 

Он күн бойы тұралап тұрған вагондардың жылжуына рұқсат берілді. Алайда картоптың «жарамдысынан жарамсызы көп» деген кәсіпкерлер енді шығынын есептеп, тез бұзылатын өнімді тым көп ұстаған шенеуніктерді сотқа береміз деп бекініп отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды