«Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын, аяғына жығылмаймын»: танымал әзілкеш бұрынғы әйеліне қосылмайтын болды

Аиса Махамбет Редактор
30.01.2025, 19:50
1122
«Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын, аяғына жығылмаймын»: танымал әзілкеш бұрынғы әйеліне қосылмайтын болды жеке мұрағатынан

Эфирде әйелінен кешірім сұраған әзілкеш ол үшін Астанаға да барған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш, жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен қайта қосылмайтынын айтып, жаңа өмір бастауға дайын екенін жеткізді.

Ол екі баласымен Астанаға көшіп кеткен бұрынғы әйелін іздеп барғанын айтты. 

“Менің тарапымнан қадам жасалды. Ер-азаматтық міндетімді орындадым деп айта аламын. Алдына барып, кешірім сұрап, ағаттық жасағанымды мойындадым. Отбасымды сақтау үшін қаншама рет тырысып, қолымнан келгенін жасадым. Фариза өзі таңдау жасады. Қосылғысы келмеді. Барынша айырылғым келмеді. Бірақ шешім қабылдау әркімнің өз еркінде. Оны қинап ұстап тұра алмаймын. Сіздерге айтарым, көп мүмкіндік болса, бірін жіберіп алмаңыздар! Мен қазір барып, аяғына жығылмаймын. Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын. Мен де әрі қарай өмірімді сүремін”, – деді актер. 

Бұған дейін актердің бұрынғы жары Фариза да күйеуіне қосылғысы келмейтінін айтқан еді. 

“Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім. Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне!", — деп жазды Фариза. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?