841

Мәскеуде отандастарымыздың миллиондаған теңгеге сан соқтырған алаяқтар ұсталды

Адамдарды алдау арқылы 32 миллион теңге және 14 мың доллар алған.

Мәскеуде отандастарымыздың миллиондаған теңгеге сан соқтырған алаяқтар ұсталды
Getty Images / Dragos Condrea

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде қазақстандықтарды 32 миллион теңге және 14 мың доллар алдаған Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары ұсталды.

«Мәскеуде 28 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол 2024 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Алматыда жергілікті тұрғындарға қымбат смартфондарын сатуға уәде беріп, кейін жоғалып кеткен. Ер адам жеті адамды алдап кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.

Ведомствода атап өткендей, келтірілген залал 32 миллион теңгеден асады.

«Люберцы қаласында Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлесіп, 2014 жылы Шымкент қаласының тұрғынына тиесілі жер телімін алаяқтық жолмен сатып, 14 мың доллар көлемінде шығын келтірген Өзбекстанның 36 жастағы азаматын ұстады», - делінген хабарламада.

2025 жылдың басынан бері 11 қылмыскер Қазақстаннан тыс жерде, 44-і ел ішінде табылды.

Ведомствода атап өткендей, қылмыскерлерді іздеу және ұстау жұмыстары ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілуде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор