556

Қаңтар көтерілісі кезінде ұрланған қару-жарақтар табылған

Қауіпсіздің комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеу туралы мәлімдеме жасады.

Қаңтар көтерілісі кезінде ұрланған қару-жарақтар табылған
t.me/@knbgov_kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленген.

Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталған.

Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Материал авторы