595

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» құлап жатыр

Жоғарыда салынып жатқан құрылыстың керісінен соқпақ опырылып жатыр.

Ақтаудағы «Жартасты соқпақ» құлап жатыр
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда жартасты соқпақ құлауы мүмкін болғандықтан шенеуніктер қоршау орнатты. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Жергілікті тұрғын Альберт Кәрімов құрылыс жүріп жатқан жартасты соқпақ учаскесінің опырылуы туралы мәселені көтерді.

Жаңбырдан кейін тас құлауы мүмкін. Опырылуының себебі – жергілікті жер белгісінен жоғарыда салынып жатқан құрылыс, – дейді видео авторы.

Ал Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қауіптің алдын алу үшін бұл аумаққа қоршау орнатылды дейді. Мән-жайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жақын арада «Жартасты соқпақ» аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін тендер өткізу жоспарланып отыр, – деп сендірді шенеуніктер.

 

Материал авторы