«Бала емізіп жатқанда, телефонмен басымды ұрды»: атыраулық әйел экс-депутат күйеуінің кінәсін дәлелдей алмай жүр

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2025, 13:31
1609
«Бала емізіп жатқанда, телефонмен басымды ұрды»: атыраулық әйел экс-депутат күйеуінің кінәсін дәлелдей алмай жүр жеке мұрағатынан

Атыраулық төрт баланың анасы облыстық мәслихаттың депутаты болған күйеуінен ұзақ жылдар бойы зәбір көрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атыраулық әйел депутат болған экс-күйеуін зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Атыраулық төрт баланың анасы Нұржамал Тәжғалиева облыстық мәслихаттың депутаты болған күйеуі Айбар Ерекешов ұзақ жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, кейін алимент төлеуден қасақана жалтарғанын мәлімдеді.  Әйел президентке әділдік сұрап, ашық хат жолдады. 

Айтуынша, ол күйеуі Айбар Ерекешовтен 12 жыл қорлық көріп, соққыға жығылған. 

"2018 жылы баламды емізіп жатқанда, ол ұялы телефонмен басымды жарып жіберді, ал 2023 жылы 120 келі салмағымен үстіме отырып ұрып соқты", – деді әйел.

Ол бірнеше рет полицияға арыз жазғанын, бірақ күйеуі мен ата-анасының қысымынан соң қайтарып алған. Себебі ер адам түзелуге уәде беріпті.

Ажырасқаннан кейін балаларының әкесі алимент төлемей, алты миллион теңгеге жуық қарыз болды. Нұржамалдың айтуынша, депутат алимент төлеуді сот арқылы даулауға тырысып, балаларын тартып алуды көздеп отыр. Оның үстіне үлкен қызын алдап тартып алған.

Сонымен қатар полиция Ерекешовтің әрекетін жасырып жатыр дейді. “Қорғау туралы бұйрық” әрең берілген, оның үстіне ол ер адамды да, әйелді де қорғау үшін беріліпті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуінде Ерекешовке қатысты қылмыстық іс қозғауға көмектесуді сұрайды.

"Әйелін ұрып-соғып, балаларының алдындағы жауапкершілігінен жалтарып, меншігіне талап қойған ер адам депутаттық лауазымға ие бола алмайды. Мен өзім және балаларым үшін әділдік сұраймын. Мемлекет мені естиді деп үміттенемін", – деді әйел.

Атырау облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жарияланған фотолар 2018 және 2023 жылдары түсірілген. 1987 жылғы әйелдің айтуынша, 2018 және 2023 жылдары қорғау нұсқалары берілген, кейін арызданушының өтініші бойынша күшін жойған.

2024 жылы әйел мен оның бұрынғы күйеуінің өтініші бойынша қорғау туралы бұйрықтар шығарылды. Арызданушылардың айтуынша, олар телефон арқылы бір-бірін мазалаған”, – деді полиция.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды