Қарағанды облысында осал топтағы әйелдер 8 наурызға орай төлемдер мен азық-түлік себеттерін алады

05.03.2023, 19:15
613
Қарағанды облысында осал топтағы әйелдер 8 наурызға орай төлемдер мен азық-түлік себеттерін алады

Халықаралық әйелдер күніне қарастырылған қолдау шараларымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан жалпы сомасы 17 млн теңгеге 6 573 әйел қамтылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Приозерск пен Ақтоғай ауданындағы жергілікті бюджет қаражатынан балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын көп балалы аналарға материалдық көмек беріледі. Ал, Саранда оны ең төменгі зейнетақымен лайықты демалыста жүрген әйелдер алады.

Бюджеттен тыс көздерден басқа қалалар мен аудандардың тұрғындарын да мерекемен құттықтау жүзеге асырылады. Мәселен, азық-түлік жиынтықтары келесі санаттағыларға тиесілі:

- Қарағандыда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар әйелдерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қызмет көрсететіндерге;

- Балқаш және Саран қалаларында мүгедектігі бар тұрғындарға;

- Бұқар жырау ауданында әлеуметтік осал отбасыларға;

- Ақтоғай ауданында зейнеткерлерге, мүгедек әйелдерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға;

- Шахтинск қаласында мүгедек тұрғындар, зейнеткерлер, аз қамтылған отбасыларға;

- Приозерск қаласында жалғыз басты зейнеткерлерге;

- Абайда тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға.

«Сонымен қатар, Қарағанды, Приозерск, сондай-ақ Ақтоғай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мерекелік түскі асқа мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, сондай-ақ тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы әйелдер шақырылады. Бұқар жырау және Нұра аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдерге көмір сатып алуға көмек беріледі», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр