«Астана» спорт кешенінде полицей қаза тапты

04.02.2025, 15:59
521
«Астана» спорт кешенінде полицей қаза тапты бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұм 1983 жылы туған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Астанадағы спорт кешендерінің бірінде қайғылы оқиға орын алып, тәртіп сақшысы жаттығудан кейін қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Астана полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамның күш жаттығуларынан кейін жаттығу залынан шыққан кезде есін жоғалтқаны алдын ала анықталған.

"Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды қолға алғанымен, оны аман алып қала алмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімге миокард инфарктісі себеп болған. Қызметкердің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұм 1983 жылы туған.

Ішкі істер министрлігі Астана қалалық ІІД Жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің қайтыс болғанын хабарлап, қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ол өз қызметіне, еліне адал офицер еді. Оның мемлекет алдындағы еңбегі баға жетпес. Оның отбасына Ішкі істер министрлігі барлық қажетті қолдауды көрсетеді", - деп жазды Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды