Қонаевта мектеп оқушысы антисептикке уланып, денесі көгеріп кеткен

Аиса Махамбет Редактор
05.02.2025, 09:03
408
Қонаевта мектеп оқушысы антисептикке уланып, денесі көгеріп кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Қонаевта жасөспірімді қатарластары ұрды деген ақпарат жалған боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қонаев қаласының әкімдігі кәмелетке толмаған оқушыны құрдастары аяусыз ұрып-соқты деген ақпаратты жоққа шығарды. Әкімдік мәліметінше, жасөспірім ауруханаға антисептикке уланып түскен. Бұл туралы Stan.kz жазды.  

Білім бөлімі мектеп-гимназияда арнайы комиссияның құрылғанын айтты. Студент ауруханаға "антисептикке уланып қалып" түскен. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланды, ем алып жатыр.

Қонаев қаласының полиция басқармасы өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тексеріп жатыр.

"Тергеу іс-шараларының нәтижесінен соң түпкілікті процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция.

Жасөспірімнің анасы да төбелес туралы қауесетті жоққа шығарды.

"31 қаңтарда менің кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға жеткізілді. Алайда қалаға кіре берістегі көпірдің астында оны ешкім ұрған жоқ, топтық төбелес болған жоқ", – деді әйел.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды