Шымкентте жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

05.02.2025, 15:36
1186
Шымкентте жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды жеке мұрағатынан

Ол шамамен 20 күн бұрын жоғалып кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 20 күн бұрын жоғалған жігіт өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ордабасы ауданында тұратын Бәйдібек Еділбек 14 қаңтарда жүргізуші куәлігін алу үшін Шымкент қаласына жолға шыққан. Сол күні түсте 20 жастағы жігіт әкесіне хабарласып, ауылға қайтатынын айтыпты. Арада бірнеше сағат өткен соң телефоны өшірулі болған. Содан бері екі апта өтсе де, жоғалған жігіттен әзірге ешқандай хабар жоқ.

Камераға қарасақ бері қарай аялдамаға жүрген кадры ғана бар. Одан басқа ешқандай хабар жоқ. 12 б немесе а-ға отырды деген ақпарат естідік, – деген болатын жігіттің туысы Әйгерім Әбітаева. 

Жас жігіттен хабар ала алмаған жақындары қаланы аралап, ауруханалар мен мәйітханаларға да кіріп шыққан. Бірақ оны көрген-білген жан табылмай тұр. Шымкент қалалық полиция департаменті іздестіру жалғасып жатқанын жеткізді. Олар адам көп жүретін қоғамдық орындарды сүзіп шыққан. 

Белгілі болғандай, ол соңғы рет Шымкент әуежайында досын шығарып салып, кейін қоғамдық көлікке отырған.  

2025 жылдың 14 қаңтарында жігіт Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкентке жүргізуші куәлігін алу үшін келген. Сағат 14:37-де досын әуежайдан шығарып салған.  

15:22-де оның бір телефоны "Қатын көпір" аялдамасы маңында сөнген, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен байланысып, ауылға қайтатынын хабарлаған. Осыдан кейін одан еш хабар болмады, – дейді туыстары.  

Жоғалған жігіттің жақындары оны таба алмаған соң, 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арыз түсірген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды