«2 млрд ағаш пен 15 млн ағаш қайда?»: Депутат Қазақстанда миллион ағаш егуге бөлінген қаражат ұрланып жатқанын мәлімдеді

05.02.2025, 16:18
679
«2 млрд ағаш пен 15 млн ағаш қайда?»: Депутат Қазақстанда миллион ағаш егуге бөлінген қаражат ұрланып жатқанын мәлімдеді бейнежазбадан алынған кадр

Мәжілісте өткен экологиялық мәселелер бойынша заң жобасының таныстырылымында депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады. Ол бюджеттен бөлінген қаражат жымқырылғанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, депутат Бақытжан Базарбек Қазақстанда ағаш егуге бөлінген миллиардтаған қаражат жымқырылып жатқанын айтты.

"Менің қолымда барлық облыс әкімдіктері ұсынған статистика бар, онда бюджет қаражатының жымқырылғаны айдан анық. Орман өсіреміз деген желеумен миллиардтаған ақша жымқырылып жатыр. 2020 жылы президенттің тапсырмасымен орман қорындағы жерлерде ағаштар санын көбейту үшін 2 млрд ағаш, ал елді мекен жерлерінде 15 млн ағаш егу жоспарланған. Мен бұл 2 млрд ағаш пен 15 млн ағаш қайда егілгенін анықтап көргім келді. Менде барлық әкімдіктің жауабы бар. Таңғалып отырмын. Ағаш саны жеткіліксіз. Егілуге тиіс 15 млн ағаш қайда? Миллиард ағаш туралы мүлдем ауыз ашпай-ақ қояйын", - дейді Базарбек.

Оның деректері бойынша Маңғыстау облысында 2021 жылы 556 мың ағаштың орнына шамамен 20 мыңға жуық ағаш егілген, 2022 жылы 167 мың ағаштың орнынан 21 мың тал егілген. Ал ШҚО-да 2021 жылы 127 мың ағаштың орнына 85 мың ағаш қана егіліпті.

"Міне, әр облыстағы жағдай осы. Кей жерде 30, кей жерде 50, кейбір жерлерде 150 мың ағаш жетіспейді. Менің сұрағым бар: мұны біреу бақылай ма әлде сіздер ақшаны тек бөлесіздер ме? Осы ағаштарды егуге бюджеттен қыруар ақша бөлінген. Бұл деректер бойынша бірде бір қылмыстық іс қозғалған жоқ. Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ", - деді Базарбек.

Депутаттың бұл статистикасына Экология министрлігі жазбаша жауап қайтаруға уәде берді. Сонымен бірге ведомство өкілі неге қылмыстық іс қозғалмағанының себебін де осы жауапта ұсынбақ.

"Отырғызылатын материал мен 2 млрд ағашқа қатысты: бұл жұмыстар орындалып жатыр. Сараптама барысында біз кей өңірлерде статистика деректерімен сәйкессіздіктер барын анықтап жатырмыз. Толық ақпаратты сізге жақын күндері ұсынуға дайынбыз", - деді экология вице-министрі Жомарт Әлиев.

Бақытжан Базарбек министрлікпен бірге ақша бөлінген, алайда іс жүзінде ағаштар егілмеген өңірлерді тексеру туралы ұсыныс жасады. Бұл облыстар - Жетісу, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды