680

«Қазақша сөйлемейтіндерге – 39 320 теңге айыппұл»: Нұрлан Өнербаевтың бастамасын көпшілік қолдады (ФОТО)

Әнші қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды.

«Қазақша сөйлемейтіндерге – 39 320 теңге айыппұл»: Нұрлан Өнербаевтың бастамасын көпшілік қолдады (ФОТО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды. 

Өнер иесі пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, көпшілікке ой бөлісті. 

“Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің ұсынысын қолдайтындарын жеткізді. 

“Өте дұрыс бастама”, “Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы", "Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын", "Әп бәрекелді", "Келісемін", "Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей шүлдірлеп кеттік", "Орынды ұсыныс", – деп жазды көпшілік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор