«Астарлы ақиқаттан қуыңдар»: Дина Төлепберген әріптесі Асхат Садырбай туралы мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
06.02.2025, 17:59
1001
«Астарлы ақиқаттан қуыңдар»: Дина Төлепберген әріптесі Асхат Садырбай туралы мәлімдеме жасады жеке мұрағатынан

Асхат Садырбайдың бұрынғы әйеліне қорлық көрсеткені әшкере болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Дина Төлепберген әріптесі Асхат Садырбайға қатысты пікір білдірді.

Дина Төлепберген бұрынғы әйелін ұрып-соқты деп басы дауға қалған әріптесі Асхат Садырбайға қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Тележурналист "Асхат Садырбайды неге "Астарлы ақиқаттан" алып тастамайсыз?" деген сұраққа жауап берді. 

“2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Менің орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін "Астарлы ақиқатты" көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін”, – деді журналист. 

Сондай-ақ тележүргізуші әріптесінің іс-әрекетін қатаң түрде сынады. 

“Мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам – тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол – жалған. Жұмыс пен өмір екі бөлек болса, ол – алдау", – деп жазды Дина Төлепберген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды