«Екеуміз ешқашан әдеп бұзып, оғаш қылық көрсетпедік»: Майғазиев әнші Сәдуақасова екеуінің ерекше байланысы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
06.02.2025, 18:40
768
«Екеуміз ешқашан әдеп бұзып, оғаш қылық көрсетпедік»: Майғазиев әнші Сәдуақасова екеуінің ерекше байланысы туралы айтты жеке мұрағатынан

Әйеліме телефон соғып, ескерту жасаған дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев әріптесі Мадина Сәдуақасовамен не байланыстыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, әріптесіне қатысты жаңалықты бөлісті. Сөзінше, Ақтау, Ақтөбе қалаларындағы концертке Мадина Сәдуақасова да қатысатын көрінеді. 

“Мадинамен отбасылық достармыз. "Жақсыда жаттық жоқ" демекші, студент кезімізде дос болдық, "Жас қанатқа" қатысқандардың барлығы бір әулеттің баласындай араласамыз. Мадина екеумізді жұп қылып қоятын әңгімелерге иммунитет бар. Әрине, "екеуі қырықтың қырқасына шығып, елуді еңсергенде қылық шығарайын деді ме?" деген күмән туындауы мүмкін. Бірақ, Мадина екеуміз ешқашан әдеп бұзып, оғаш қылық көрсетіп, артық дүние жасаған емеспіз.

Мен "мырза" ретінде әйел адамды сатыдан түскенде, көліктен шыққанда, болмаса ұшаққа мінерде "сүрініп қалмасын, құлап қалмасын" деп, қолымды беріп жүретін адаммын. Сол сияқты, Мадинамен тойда немесе көліктен түсіп жатқанда, болмаса, ұшаққа мінерде көзге түсіп қалған болуымыз керек. Ең өкініштісі, "бұлар оғаш қылық көрсетпеген" деп айтатындар аз. Керісінше, біреу бірдеме десе, өсек-аянға еретіндер көп”, – деді әнші.

Одан кейін эстрада жұлдызының әйеліне әлдекімдер хабарласып, “күйеуінің жүріс жүретінін” айтқан.

“Осы орайда, айта кетейін, менің жұбайыма біреу хабарласып, "Сәкен мен Мадина жүрсе, білдірмей жүрсін де, әйтпесе, бұл не сұмдық" деген ғой. Осылай жаны ашығансып, керісінше отқа май құйғыштар болады.

Менің әйелім, "о не дегеніңіз, Мадинаны да, бала-шағасын да жақсы білемін. Сәкеннен қарағанда Мадинамен мен көп сөйлесемін" десе әлгі кісі бой бермей, "ешкімге білдірмей жүрмей ме?" деп қоймаған. Сонда әйелім Динара "жүрсе, білдірмейтін еді" деп әңгіменің нүктесін қойыпты", – дейді Майғазиев.

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен