683

Өткен аптада ел аумағында үш мың қылмыс тіркелген

Өткен аптада Қазақстан аумағында үш мың қылмыс жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Өткен аптада ел аумағында үш мың қылмыс тіркелген

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингісінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3000 қылмыс жасалды, оның 1849-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 31 тонау және 435 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.