1721

Алматыда жоғалып кеткен татуировкасы бар қыз өлі күйінде табылды

4 ақпан күні жоғалып кетті деген хабар шыққан еді.

Алматыда жоғалып кеткен татуировкасы бар қыз өлі күйінде табылды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Алматы тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz ұйымының волонтерлері Instagram парақшасында хабарлады.

1996 жылы туған Каримбаева Ильмира Ренатқызы 4 ақпан күні жоғалып кеткен. Бұл күні сағат 16:00-де Бостанды ауданы, Алмагүл шағын ауданы, 5-үй мекенжайы бойынша жас келіншек үйінен шығып кеткен.

Айырықша белгілері: бойы 155-160 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара-сары, көзі жасыл-сұр, оң қолында білегінен шынтағына дейін аниме татуировкасы бар.

Ол сұр пальто, көк шарф, көк джинсы шалбар және қара угги етік киген.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған әйелдің денесі 7 ақпанда табылған. Қайтыс болу жағдайлары нақтыланбаған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор