600 грамм болып туған сәбиді анасы тастап кеткен соң 3 ай бойы дәрігер баққан

Аиса Махамбет Редактор
08.02.2025, 15:35
1533
600 грамм болып туған сәбиді анасы тастап кеткен соң 3 ай бойы дәрігер баққан бейнежазбадан алынған кадр

Нәрестені бірнеше ай күтіп-баққан алматылық дәрігер оқиғасын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, төрт жыл бұрын неонатолог дәрігер Берік Алдияр анасы тастап кеткен салмағы 650 грамм болып туған сәбиді екі жарым ай бойы күтіп, баптап адам қатарына қосқан. Ол бұл ерекше оқиға туралы "Қазақстан" телеарнасының "Жақсылық жаса" бағдарламасында айтты. 

Берік Алдияр Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде жұмыс істейді. Осыдан төрт жыл бұрын ол өзіне қатты әсер еткен оқиғаны басынан өткерді. Айтуынша, ол анасы тастап кеткен шақалақты бірнеше ай күтіп-баптап, адам қатарына қосқан.

"Кезекшілік кезінде жүктілігінің 25 апта мерзімінде әйел адам ауруханаға түсті. Дәрігерлер баланың жүрек соғысы нашарлап бара жатқанын көріп, шұғыл ота жасау керек болды. Жансақтау бөліміне мен және біздің меңгерушіміз бардық. Нәресте дүниеге келді, бала кішкентай, өздігінен тыныс ала алмайды. Нәзік, жүрек соғысы өте нашар болып туған, жасанды өкпе желдетуін қостық, жедел реанимация шараларын жасай бастадық", - дейді ол. 

Берік Алдияр ана құрсағында егіз сәби болғанын айтады. Алайда олардың бірі жатырында жүрегі тоқтап қалып, шетінеген. 

"Осы қызымыз осылай дүниеге келді. Барлық керекті амал-керекті шараларды жасадық. Сол кезде біз алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын түсіндік. Нәресте біздің бөлімшеде 2,5 ай жатты. Сосын өздігінен тыныс ала бастады. Салмақ қосып, жағдайы жақсарып, келесі бөлімге - нәрестелердің патологиясы бөлімшесіне ауысты. Нәрестеге Полина есімін қойдым. Полина деген ән болған еді, сол әнді тыңдап отырып, әріптестерге ұсындым. Қазіргі есімі басқа екен. Біз нәрестенің өміріне қауіп төнбеген жағдайда оны балалар үйіне ауыстырамыз. Төрт айға жетпей сәби сонда ауысты. Онда осындай шала туған балаларға арналған бөлімшеге жатқызылды. Одан оны бір айдың ішінде жақсы отбасы асырап алды. Қазіргі жағдайы өте жақсы. Басқа ақпарат құпия", - дейді дәрігер. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?