50 млн бопсалаған блогерлер 7 жылға сотталды

09.02.2025, 09:33
881
50 млн бопсалаған блогерлер 7 жылға сотталды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Солтүстік Қазақстан облысында екі блогер сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерді бопсалап келген екі блогерге сот үкімі шықты.

СҚО сотының мәліметінше, істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилер алқасының қатысуымен қарады.

Сотталушылар С. және П. сауда орталықтарындағы заң бұзушылық фактілерін анықтау бойынша тексерулер жүргізуді және әлеуметтік желілерде жарияламау үшін «Т» ЖШС директорынан ай сайын 200 мың теңге төлеуді талап еткен. 

ЖШС директоры И. іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептеп, сотталушылардың талаптарымен келісе отырып, бес ай ішінде оларға 1 млн теңге сомасында ақша төлеген. 

Осыған ұқсас схема бойынша сотталушылар «M» ЖШС басқарушы директорынан 50 млн теңге сомасында ақша бопсалады. Ақшаның бір бөлігін қолма-қол беру кезінде айыпталушылардың бірі ұсталды. 

Сот сотталғандардың жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде олардың бұрын сотталмағандығын, С.-ның асырауында жас баласының барлығын ескерді. 

Сот алқабилер алқасының қатысуымен С. және П.-ның әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Т» ЖШС-нің азаматтық талабы қанағаттандырылды және сотталғандардан 1 млн теңге өндірілді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды