Трамп Маскқа Пентагонның шығындарын тексеруді бұйырды
Маск пен Трамптың саясаттағы әрекеттері қызу талқыға түсіп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп бір күн бұрын Илон Маск басқаратын жаңа үкіметтік тиімділік департаментінің (DOGE) жұмысы туралы айтты. Бұл туралы Kazinform жазды.
- Мен оған Пентагонды, яғни армияны қайта тексеруді тапсырдым, - деп келтіреді Франс Пресс оның сөзін.
АҚШ президенті Қорғаныс министрлігінің кейбір шығындары «қауіпсіздігі жоғары аймақтар болуы мүмкін» екенін мойындады.
АҚШ-тың 2025 жылға арналған қорғаныс бюджеті 850 миллиард доллардан астам және әлемдегі ең үлкен бюджет екені аталып өтті.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор