Ақтөбеде екі оқушының өліміне себеп болған жол-көлік апатынан соң қылмыстық іс қозғалды

06.03.2023, 15:52
667
Ақтөбеде екі оқушының өліміне себеп болған жол-көлік апатынан соң қылмыстық іс қозғалды

Оқушы әкесінің көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Қазіргі кезде қылмыстық іс қайғылы оқиға бойынша ғана қозғалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Шалқар-Бозой жолында, яғни, Шалқар қаласынан 4 шақырым қашықтықта жеңіл көлік аударылып, оның ішінде болған екі қыз көз жұмды. Қазіргі кезде полиция оқиға бойынша іс қозғап, бірнеше сараптама тағайындалды.

«Оқушы әкесінің көлігін алып, жол-көлік оқиғасына тап болды. Қазіргі таңда оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша іс қозғалды. Рульде болған бала, ата-анасы жауапкершілікке тартыла ма деген сұрақ жауабы тергеу кезінде анықталады. Сараптама тағайындалды. Ішімдік ішті деген дерек жоқ. Әкесі көлікті баласының айдап кеткенін білмеген. Ол кезде үйде болмағанын айтып отыр. Сөзіне қарағанда ұлы бұрын-соңды көлікті жүргізбеген. Тексеру кезінде көлік жолдан шығып, аударылып қалғаны көрінеді. Нақтысы сараптамадан соң айталады», - деді облыстық Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.

Оның айтуынша, іс оқиға бойынша қозғалған соң әзірге күдікті жоқ. Ол көлік ішінде болған 9-сынып оқушыларының бәрі бір мектепте оқиды.

«Ес-түссіз жатқан оқушы қыз ауруханаға жеткізілген соң бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Санавиация қызметі бірден онлайн байланысқа шығып, кеңес берді. Басынан қатты соққы алып, миына қан құйылған. Жарақаты ауыр болып, бір тәулік ішінде қайтыс болды. Екі ер баланы травматолог мамандар қарап, облыстық ауруханаға жеткізді. Жағдайы орташа. Ем алып жатыр. Аяқтары сынған. Олар төсекте жатыр. Басынан да зақым алған. Невропатолог та бақылауына алды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Түлкібаева.

Айтып өтейік, ауруханада жатқан екі баланың бірі рульде болған.

Биыл екі айда кәмелет жасқа толмаған балалардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы болды. Алтауы қаза тауып, 16-і жараланды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды