«Денесін тілгілеп тастаған»: Қоқыстан қағазға оралған сәбидің мәйіті табылды

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2025, 13:22
1053
«Денесін тілгілеп тастаған»: Қоқыстан қағазға оралған сәбидің мәйіті табылды Stock Photo

Күдікті іздестіріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Самарқандтың Корасов ауданындағы қоқыс полигонының жанынан сәбидің мәйіті табылды.

Денесінде көптеген жарақаттар мен терең тілімдер бар шақалақтың мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алды. Бұл көрініс куәгерлердің төбе шашын тік тұрғызды: нәресте ешқандай киімсіз, аяқтары дәретхана қағазымен оралған күйде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, шетінеп кеткен сәби бар-жоғы 22 апталық болған, оның салмағы 500 грамм, ал дамуы қалыпты болған. Сәбидің кіндігі кесілмеген.

Мәйіт табылған маңда бейнебақылау камералары болмаған. Дегенмен, бұл аудан бос жатқан жер емес, өйткені жақын маңда тұрғын үйлер орналасқан.

Мамандар нәресте медициналық бақылаусыз, үй жағдайында дүниеге келген болуы мүмкін деген болжам жасады. Осыған байланысты полиция мен дәрігерлер шұғыл әрекетке кірісті: олар осы ауданда тұратын 500 жүкті әйелмен байланысқа шықты. Сондай-ақ, күдікке ілінгендердің қатарында пәтер жалдап тұратын да да бар.

Құқық қорғау органдары бұл қанды оқиғаның артында кім тұрғанын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда күдіктілерді анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды