Кәрім Мәсімовтің ісі: Астанада 1,8 миллиард үй сатылымға шығарылды
Үй аукцион арқылы сатылмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге ұқсайтын вилла сатылымға шығарылды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәнді сарайдың фотосуреттерін таратқан болатын.
Тиісті лот E-Qazyna электронды сауда алаңының сайтында жарияланған. Мүлікті «Қайтарылған активтерді басқару» компаниясы сатуға шығарған.
Жертөлелері бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр екі қабатты үй 1 883 338 958 теңгеге бағаланды. Бұл ретте әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге көлемінде кепілдік жарна салуы керек.
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz
Үйде әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскелері бар, олардың біреуінде гараж бар. Үй 879 бірлік мүлікпен бірге сатылады. Олардың ішінде жиһаздар, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар, кәдесый қарулары бар.
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz
Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz
Сауда-саттық аукцион түрінде өткізіледі.
Материал авторы