Қостанайдағы жалғыз қазақ балабақшасы жабылатыны туралы ақпарат тарап, ата-аналар дабыл қақты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2025, 18:50
600
Қостанайдағы жалғыз қазақ балабақшасы жабылатыны туралы ақпарат тарап, ата-аналар дабыл қақты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Орыс балабақшасын жабу керек дейді жұрт.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Қостанай облысына қарасты аудандардың бірінде жалғыз қазақ балабақшасы жабылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

TikTok желісінде тараған видеода ата-аналардың мекемеге келіп, шағымданып жатқаны көрсетілген. 

Аталған жағдайға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі Қостанайда қазақ тілді балабақшалар көп екені айтса, енді бірі орыс тілді балабақшаларды жабу керек дейді. 

"Орыс балабақшасын жабу керек. Сонда бәрі қазақ тілді балабақшаға барады", "Сенбеңіздер! Бұл жалған ақпарат, ескі видео. Қостанайда қазақ балабақшалары бар", "Жалпы Қостанай облысы, Арқалық, Торғайдан басқа жақта қазақ тілінің жағдайы өте қиын. Қазақ мектептері жоқ ауылдар өте көп екен. 3 жылда жүрегіміз қатты ауырды. Қазақ тілінің келешегі бұлыңғыр болып тұр", "Бұл оқиға былтыр болған. Қазір ескі видеоны неге салып отыр? Қазақ балабақшалары бар Қостанайда. Бұл балабақша қазақ мектебінде мини-орталық ретінде болған. Жалға алып отырған", – деп жазды олар. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Қостанай облысының білім басқармасынан мән-жайды сұрап білді. 

Білім басқармасының мәліметінше, бұл жағдай 2024 жылы болған. Өткен жылы мәселе шешіліп, балабақшалар басқа ғимараттарға ауыстырылыпты. 

"2024 жылдың ақпан айында қаланың 9 мектебінің ғимаратында орналасқан мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын 9 жекеменшік балабақшалардың жалдау шарттарының мерзімі аяқталды. Қала мектептерінде оқушы орындарына сұраныстың артуына байланысты және кабинеттерді оқу мақсатында қолдану үшін 2020 жылдан бастап білім басқармасы мен білім бөлімі құрылтайшыларға жалдау мерзімінің аяқталғаны туралы бірнеше рет хабарлады. Шартта көрсетілген жалдау мерзімі аяқталғанға дейін балаларды үй-жаймен қамтамасыз ету қажет екені ескертілді. Алайда Құрылтайшылар ата-аналарға дер кезінде ескертпей, аталған мәселенің соңы дауға ұласты. 2024 жылы бұл мәселе шешіліп, балабақшалар басқа ғимараттарға ауыстырылды", – делінген хабарламада. 

Басқарма мәліметінше, 75 орындық "Алдияр" жекеменшік балабақшасы №15 мектеп ғимаратын жалға алған. Аталған мектеп мемлекеттік тілде білім береді. Қазіргі уақытта бұл жерде 100 орындық мемлекеттік тілде оқытатын шағын орталық орналасқан дейді басқарма.

Білім басқармасының мәліметінше, Қостанай облысында 113 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Оларда 15 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр дейді. 

“Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілде білім алатын балалар саны 7 612 бала, яғни 49,3%.  2023 жылы бұл көрсеткіш 6 842 бала немесе 43,9% болды. 113 мемлекеттік балабақшаның 95-і мемлекеттік немесе аралас тілде білім береді. Қостанайда 24 мемлекеттік балабақшаның ішінде барлық балабақшалар мемлекеттік немесе аралас тілде оқытады”, – делінген хабарламада. 

Басқарма мәліметінше, Қостанай қаласында 2900 бала мемлекеттік тілде білім алады. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды