677

Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады деген ақпарат өтірік боп шықты

Мұхамедиұлы желіде кінәсіз болғандықтан аштық жарияладым деген еді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады деген ақпарат өтірік боп шықты
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде жатып, аштық жариялағаны туралы мәлімет тараған.

Facebook-тегі парақшасында өзін кінәсіз деп санағандықтан аштық жариялағанын мәлімдеген еді. 

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ол қалыпты жағдайда тамақтанып жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да түскен жоқ. Сондай-ақ, белгіленген тәртіпке сәйкес, сотталған азаматтың қолында ұялы телефон жоқ, – деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Қазіргі таңда оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жазба бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор